Тиктокер акушер-гинеколог еркектерге үндеу жасады (ВИДЕО)
ТикТок әлеуметтік желісінде Alıkhan-atyrau атымен тіркелген жігіт еліміздегі акушер-гинеколог еркектерге үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.
«Акушер-гинеколог жігіттерден шаршадым. Қалай оқисыңдар акушер-гинеколог болып? Әйелдерің бар ма өзі? Үйлеріңе барғанда, не дейсіңдер? Қанша әйелдің несін қарадың деп сұрай ма әйелің? Субханаллаһ, дұрыс мамандық таңдасаңдаршы. Гинекология — еркектің мамандығы емес. Гинеколог еркектер, жұмысты мемлекеттік емес, жеке емханаларды істеңдерші. Әйелдердің көбісі мемлекеттік емханаға барады ғой. Ал ол жақта еркек гинеколог отырады. Болмайды бұлай. Бұған бір шара қолдану керек», — дейді тиктокер.
Тиктокердің үндеуіне қатысты жұрт «хирургке де барады ғой. Операцияны жалаңаш жасайды. медицинада жыныс болмайды», «операцияға еркекті әйел дайындайды ғой», «роддомда тоже еркектер. Қорықпайды Алладан. Жер қабылдамайды ондайларды», «сақалдыларға бәрі болмайды әйтеуір», «ауырсаң, жаныңа батса, шайтанға да барарсың» деген пікір жазуда.
Дайындаған — Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.
Фото видеодан скринделіп алынды.