Тимур Құлыбаев құрықталуы мүмкін бе?

0
229

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Halyk Bank-тен «АЛМЭКС» Холдингтік тобы» АҚ пайдасына 200 миллиард теңге дивиденд төлеу Тимур Құлыбаев пен оның әйелі әрі экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаева үшін Қазақстаннан актив шығарудың бір тәсілі болуы мүмкін екенін айтты.

Сонымен қатар, ол қазірдің өзінде тиісті органдар миллиардермен айналысып жатқанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Дұрыс айтасыз (Құлыбаев Қазақстаннан дивидендтер түрінде 200 миллиард теңгеге жуық актив шығаруы мүмкін екенін — еск). Жалпы «Халық банк» мәселесі мемлекеттік деңгейде шешілуі керек деп ойлаймын. … Сондықтан, менің ойымша, «Халық банк» активтерді қайтару туралы заң негізінде тексерістен өтуі керек.

Менде қазір тиісті органдар Тимур Құлыбаевқа қатысты жасырын тексеріс жүргізіп жатқаны туралы ақпарат бар. Құдай қаласа, бұл органдар осы істі соңына дейін жеткізеді деп ойлаймын. Сол кезде білеміз», — деді Бапи ҚазТАГ-қа Мәжіліс кулуарында.

Оның пайымдауынша, «Халық банк» дивидендтер төлеу туралы хабарламаны жариялаған уақыт бекер таңдалмаған.

«Елде су тасқыны болып жатқан кезде көп қаражат қалпына келтіруге, шығындарға, үйлер салуға кетеді. Сарапшылардың кейбір есептеулері бойынша шамамен 700-800 миллиард теңге кетеді. Шамамен. Ал сондай сәтте «АЛМЭКС» тобынан екі адам елден шамамен 200 миллиард теңге шығарады. …Бұл әдейі жасалып жатқан сияқты», — деді ол.

Депутат бұл кек мәселесі екенін де айтты.

«Бұл — Ескі Қазақстанның әдісі, қалай болса да Жаңа Қазақстаннан кек алу. Президент Тоқаевтың саясатына қайшы келіп, төтенше жағдай, су тасқыны, дағдарыс кезінде «бізге не істей аласың?» дегендей. Бәріне жария етіп. Осыған байланысты олардың иелерін жазалау керек деп ойлаймын», — деді Бапи.

Фото ашық дереккөзден алынды.