Трансгендер мұсылман бола ала ма?
Қазақстан Мүфтиятының өкілі трансгендердің мұсылман болуы дұрыс па деген сауалға ресми жауап берді, деп хабарлайды Democrat.kz.
Естеріңізге сала кетейік, таяуда ғана қазақстандық трансгендер “НикоНет” атын азан шақырып ауыстырып, “әлхамдуллиллаһ” деп мұсылмандықты мешітте қабылдаған еді. Осыған байланысты ресми Мүфтият өкілі Елбек Тасболатұлы жауап берді. “Бұл мәселеде ғалымдарымыз айтады, жыныс мүшесін ауыстыру — үлкен күнә дейді. Сондықтан біріншіден жыныс мүшесін ауыстырғаны үшін адам ең алдымен тәубесіне келуі керек. Ер адам- әйелге, әйел адам-еркекке айналса, күнәсі үшін кешірім сұрап тәубе етуі керек. Алла-тағала өзін еркек немесе әйел етіп жаратқанын мойындау керек”,-деген жауап қайырды Елбек Тасболатов. Бұл жауаптан кім не түсінді? Пікіріңізбен бөлісе отырыңыз.
Фото ашық дереккөзден алынды.
@muftiyatkz ⚧️ Жыныс мүшесін өзгерткен (трансгендер) адамның тәубесі дұрыс па? ✅ Елбек Тасболатұлы #ислам #трансгендер #күнә #мұсылман #шариғат