Түмедегі бір адамды асырауға қанша теңге бөлінеді?

0
255

Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Баймағанбетов елімізде әр сотталушыны асырау үшін мемлекеттен қанша ақша бөлінетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ведомствоның ресми өкілінің айтуынша, бір сотталушыға мемлекет бюджетінен тәулігіне 7500 теңге бөлінеді. Сәйкесінше, 30 мың адамға күніне 225 миллион теңге жұмсалады.

“Бүгінде Қазақстанның түзеу мекемелерінде 30 мыңнан астам сотталушы жазасын өтеп жатыр. Оның 2 мыңнан астамы әйелдер. Еліміздегі тергеу изоляторларында (СИЗО) 7 мыңнан астам адам қамауда жатыр”, – деді лрталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қылмыстық іздестіру комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков.