Түркияда зілзала мен цунами болатыны ескертілді

0
847

Түркия тұрғындарына Эгей теңізінде жер сілкінісі мен цунами болады деп ескертілді.

Осыған байланысты елдің 3 аймағында дабыл орнатылған. Төтенше жағдайда тез әрекет ету қызметкерлері күшейтілген жұмыс режіме көшті.

Мұндай шұғыл шаралар Эгей теңізінде сейсмикалық белсенділік басталғаннан кейін қолға алынған. Сондай-ақ жерасты дүмпулері Санторини және Аморгос аралдарының ортасында да тіркелді.

Қаңтардың аяғынан бері архипелагта 6,5 мыңнан астам жер сілкінісі болған.