Уағызшылар айтатын жұмақта түк қызық жоқ
Уағызшылар жұмақты суреттегенде, оны тыңдағандардың ауыздарынан суы ағады ғой. Сұмдық енді.
Бірақ мен қызықпадым ше.
Шарап өзен ағып жатыр. Мас болмайсың.(кайф жоқ)
Бал өзен, Сүт өзендер, ішсең — тоймайсың.
Төсі алмадай хор қыздар мыңдап жүр. Маңдай терің ағып «жұмыс жасағанмен», балалы болмайсың.
Тіл- араб тілі. Түсінбейсің.
Интернет жоқ. Құсадан іш пысады
Қазақша кітапхана жоқ. Биллиард, кафе, ресторан жоқ.
Футбол жоқ, тіпті алаңы жоқ.
Дікш-дікш музыка жоқ.
Мерседес, ВМВ жоқ.
Қазы-қарта жоқ.
Базарлар бар дейді. Ақшаң жоқ.
Ақша керек емес, тегін дейді. Онда базарды неменеге салған.
Ең қиыны — ешкімді танымайсың.
Достарың, таныс ауылдастарың, көршілерің жоқ. Қайдағы бір танымайтын Абдул Хаттаб, Ахмад Умар деген біреулермен жүрген жұмақ қызық па сендерге?
Несі қызық?
Менің 29 кластасым бар, 28-і намаз оқымайды. Демек, тозаққа барып қалатын шығармыз. Солай ғой.
Есесіне, 28 кластас бірге боламыз. Сол қызығырақ емес пе?
Мақсұт ТАҢЖАРЫҚҰЛЫ, қоғам белсендісі.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.