Ұйғыр жігіттің Қазақстанға көңілі толмайды екен (ВИДЕО)

0
2190

YouТube-де «»Таки да Киевская Хунта2» атты арнада украиндық Марк қазақстандық ұйғыр жігіт Аликпен сұхбат жасады. Видеода қазақстандық ұйғыр ұлтының өкілі Қазақстандағы жағдайына шағымданды деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы. 

Видеода қазақстандық ұйғыр жігіт өзін Алик деп таныстырып, «Кезінде Ресейдің тұсында ұйғыр мектептері көп еді» десе, сұхбаттасы Марк «Кеңес дәуірінде» деп оның сөзін түзетеді.

Екеуара әңгімеден түсінгеніміз ай сайын 12 мың доллар пайда тауып жүрген қазақстандық ұйғыр жігіт ұйғыр мектептерін жауып, қазақ мектептерін ашып жатқан Қазақстанға ренжіп отырғаны анық байқалады. «Бұрын бүкіл сабақтарымыз ұйғыр тілінде өтетін. Ал қазір бір-екі сабақ қана ұйғыр тілінде өтеді» дейді қазақстандық ұйғыр жігіт.

Мұнан бөлек сұхбат барысында  «Ресей Қазақстанның жерін сыйға бердік, Ресей Қазақстанға да басып кіреді» деген Марктың пікіріне қатысты қазақстандық ұйғыр жігіт Алик: «Пускай приедут! Я согласен!» дейді.

Неге деген сұраққа «бізде бұл жақта жағдайымыз өте жаман. Әйелімнің ауылының аты (Пенжім ауылын айтып отыр — ред.) тарихымызбен байланысты еді. Олар сол атауды «Атамекен» деп өзгертіп тастады. Олар көшелердің атауларын қазақшаға өзгертіп жатыр»,- деген Аликке сұхбатшысы Марк: «Не деген масқара! Қазақстанда көше атаулары қазақшаға ауысып жатыр екен!» деп кекете сөйлесе де, қазақстандық ұйғыр жігіт оны аңғармады.

Видеоның толық нұсқасын Ютубтегі «Таки да Киевская Хунта2» арнасынан көре аласыздар.

 

@mr.credo.jezde

Бейне жазба «ТАКИ ДА КИЕВСКАЯ ХУНТА 2» ютуб арнасынан алынған! #оянқазақ #қазақшақазақстаналға🇰🇿 #кредомырза #кредожезде #қазақұлтшылдары #қазақұлтшылдығы #қазақұлтшылы

♬ оригинальный звук — КРЕДО ЖЕЗДЕ