Үкімет басшысы мұнай-газ саласындағы ұзақмерзімді келісімшарттарға көшу қажеттілігіне тоқталды

0
62

Олжас Бектенов мұнай-газ химиясы саласына оффтейк-келісімшарттар енгізуді тапсырды деп хабарлайды Democrat.kz. порталы Ukımet.kz-ке сілтеме жасап.  

Үкімет басшысы мұнай-газ саласындағы ұзақмерзімді келісімшарттарға көшу қажеттілігіне тоқталды.

«Бүгінде мұнай-газ өнеркәсібі үшін өндірістің жаңа түрлерін игеру бойынша 65 меморандум бекітілді. Оларды қазірден бастап офтейк-келісімшарттарға трансформациялау қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Энергетика министрлігіне қыркүйек айының соңына дейін ірі мұнай-газ компаниялары мен қазақстандық өндірушілердің арасында ұзақмерзімді келісімшарттардың кепілді түрде жасалуын қамтамасыз ете отырып, тиісті жұмыс жүргізуі жөнінде тапсырма берілді.

Фото интернеттен алынды.