Утильалым: пайдасы мен зияны қайсы?

0
263

TikTok желісінде @FinRunner деген никпен тіркелген автоблогер утилалымды алып тастауға қатысты петиция жариялаған авторлардың айтқанын әшкерелейтін ролик салды.

Қолданушы утилизациялық алымның автокөлік нарығына әсерін нақты санмен есептеп берді. Нәтижесінде «утилалымды алып тастағаннан кейін автокөлік бағасы 3,5-4 млн теңгеге арзандайды» деген сөздің шындыққа аса жанаспайтын көрсетті.

«Утилалым алып тастаған соң, автонарық қаншалықты арзандайды?» деген сұраққа жауап іздеген автор мынадай жағдайды алып қарастырды. Блогер есептеуге көлемі 2 литрге дейінгі көлікті алды.

Петиция авторлары утилалымды алып тастаған жағдайда Грузия, Дубай не Қытайдан алып келген көлік бағасы 3,4-4 млн теңгеге шығады дейді. Роликте утилалымның қазіргі мөлшерлемесі жазылған.

Онда 2 литрлік машинаның төлемі 646 мың теңге болады делінген. Демек, арзандаса, осынша сомаға ғана арзандайды. Оған қоса импортталып келетін көліктің логистикаға кететін шығын мен бастапқы тіркеу төлемі бар.

«Утилизациялық алым автонарыққа аса қатты әсер етпейді. Алып тастаған соң барлығы аяқ-асты әдемі Сamry не арзан Cobalt-қа мініп кетеді деп сенудің керегі жоқ. Баспен ойланып қарасақ, сандар көз алдыңызда тұр. Тегін ештеңе жоқ. Қытайдан 3 миллионға ELANTRA алам деп ойламаңыз», — делінген роликте.

Блогердің сөзіне сүйенсек, утилалымды алып тастауды қолдайтындар алым автокөліктің шыққан жылына байланысты өзгеріп тұрады деп ақпаратты да бұра тартып отыр.

«Екінші қате ақпарат — утилдің 3 жылдан асқан көліктерге қымбат екеніне қатысты. Алым бағасы көліктің шыққан жылына емес, ішкі жану қозғалтқышының көлеміне ғана байланысты (неғұрлым жоғары болса, соғұрлым қымбат).

Шыққан жылы бастапқы тіркеу кезінде ескеріледі:

2 жылға дейін болса — 923 теңге

2-3 жыл арасында болса — 184 600 теңге

3 жылдан асса — 1 846 000 теңге.

Ролик авторы Боқаев командасы қос стандарт ұстанатын сыңайлы дейді. Сынның астына тек экологиялық алым түсіп жатыр. Ал бастапқы тіркеу туралы айтыла бермейді. Утилалымды алып тастаса автонарықта үлкен өзгеріс болады деген тезис шындыққа жанаспайды дейді қолданушы.

«Бастапқы тіркеуді алып тастау туралы тақырып жанама ғана талқыланып жатыр. Боқаевтың өзі де аса айта бермейді. Жаңа көліктерге бастапқы тіркеу су тегін десе болады. 2-3 жылдықтарға да аса жоғары емес. Ал енді 3 жылдан жоғары көліктерге — өте қымбат.

Елдің бәрі жаңа көлікке мініп жатқан кезде шыққанына 3 жылдан асқан көліктің қажеті бар ма? Ұрылған, соғылған, ұрланған көлікті әкелудің керегі қанша? Әрі мінілген көлікке пайызы аз кредитті ешкім бермейді», — дейді ролик авторы.

Утилизациялық алым мәселелеріне қатысты петиция қарастыратын жұмыс тобы жұмысын жалғастырып жатыр.

Делегация 27 маусым күні Қостанайдағы машина құрастыратын нысандарды аралады. Жұмыс тобына осы жолы бұған дейін екі отырысқа бара алмай қалған «Нет утильсбору» қозғалысының өкілдері қосылды.

Тараптар тағы да келісімге келе алмады. Жұмыс тобының отырысы тікелей эфирде көрсетілді.

Фото интернеттен алынды.