«Ұят қой!» дейді Мұрат Әбенов

0
518

 Мұрат Әбенов елімізде сатылатын атақ-дәрежеге байланысты өз пікірін білдірді деп жазады Democrat.kz.

turkystan.kz газетінде шыққан мақалаға тоқталған Мұрат Әбенов өз жазбасында мақаладан:

«Медаль саудасын қыздырып отырған пысықайлар ең алдымен мектептерді жағалағаны есімізде. Бүгінде «Ғасыр ұстазы» 13 мың, «Алаш ұстазы» 10 мың, «Ұлт ұстазы» 5 мың, ал «Ұлағатты ұстаз» атағы 20 мың теңгеге сатылады. Яғни, нарық заңына қарай ұсыныс бар, сәйкесінше сұраныс та аз болмай тұр» деген үзінді келтіреді.

Сондай-ақ басқа да үзінділерді тізбектеген ол: «Менің ойымша азаматтар өзі тоқтату мүмкін — сатып алмаса!

“Ұят қой өтірік атақты пайдаланған” — деп санаған адам өзі алмайды, тақпайды.

Білімсіздеу адамдар бар, бұл шын медаль, мені бағалаған шығар деп сенетін. Бірақ ақшасын төле сосын береміз деген кезде ойлану керек қой.

Сіздер қалай ойлайсыздар?» деп, оқырманына сауал тастады Facebook жазбасында.

Фото интернеттен алынды.