Зарина Кармен билет құнын қолжетімсіз етуді ұсынды

0
46

Театр мен кино актрисасы Зарина Кармен подкаст барысында театр өнерінің бүгіні мен ертеңі, оның қоғамдағы рөлі туралы сөз қозғады.

«Шам» театрының айтпағы – театр бомондқа айналуы керек. Қашанға дейін студенттердің шұбырып жүретін орны болады? Театрға билет ала алмау керек. Қол жетпеу керек. «Қымбаттау» деу керек. Жақсы киімін киіп келу керек. Билет қымбат болғаннан кейін ол бағалы болады. Сен біраз ақшаңды шығарғаннан кейін қойылымға кешікпеуге тырысасың, дәл сол себеппен боянып, әдемі болып баруды, сәнденіп киінуді ойлайсың. Жалпы көзқарасың өзгереді», – деді әртіс.

Екіншіден, актрисаның айтуынша, театрға келетін көрерменнің 80 пайызы – өнер ордасына бірінші рет қадам басқандар. Зарина дос-жарандарының арасында да театрға аяқ баспайтындар жетерлік екенін жасырмай, әріптестерімен бірге сол себепті де театрдың құндылығын көтеру арқылы оған қызығушылықты арттыруды мақсат еткендерін айтады.