Заттыбектің әні Африкада шырқалуда

0
61

«Әнімді Африкаға дейін апарды»: әнші Заттыбек тиктокер Қайсар Қамзаға рақмет айтты. Бұған дейін әншінің туындысына Африкада билеген блогердің видеосы әлеуметтік желіде миллиондаған қаралым жинаған еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы әнші «Хабар» телеарнасындағы бағдарламада айтты.

Журналист Аман Тасыған Заттыбек Көпбосұлынан әндерінің қайта жаңғыру себебін сұраған. Өйткені әншінің орындауындағы туындылар қазір әлеуметтік желілерде трендке айналып, желі қолданушылары әртүрлі видеолар түсіріп жүр.

«Негізі жастардың көбі қазір батыстың (Еуропаның ред.) әндеріне еліктеп жатыр дейміз. Жастық шақта ол заңдылық шығар. Бірақ түбі бір қазақы әндерді тыңдайтын, қазақы әндерді іздейтін жасқа келеді. Себебі оның қанында қазақылық бар», — дейді әнші.  

Ал өз репертуарындағы әндердің қайтадан трендке шығуы Тик-ток әлеуметтік желісінің әсерінен деп топшылайды эстрада өкілі.

«Осы эфирді пайдаланып Қайсар деген бауырымызға рақмет айтқым келіп тұр. Сонау Африкиға алып барып әнімді…»,  — деді Заттыбек Көпбосынұлы.

Айта кетейік әншінің Қайсар деп отырған Қайсар Қамза есімді блогер. Оның тик-ток парақшасында 300 мыңға жуық оқырманы бар. Заттыбек Көпбосұлының орындауындағы әнге түсірген видеосы желіде 5 миллионнан астам қаралым жинаған.

Фото интернеттен алынды.