Жанқош Тұрарбек кешірім сұрапты, бірақ…

0
4285

Кәсіпқой боксшыны «зорлады» деп айыптаған Әнару Құрманәлінің әкесі Қалдыбек Құрманәлінің мәлімдемесі пайда болды, — деп хабарлайды Dalanews.kz

Журналист Гүлбану Әниятқызы Қалдыбек Құрманәлімен сөйлескенін айтты.

«Қалдыбек ағаның 2016 жылы өмірден өткен Ақмаржан Таубаева есімді әйелінен Әнару қызы мен Әнасыл ұлы бар екен. Балаларымен араласып, көмектесіп тұратынын айтты.

Қалдыбек Құрманәлі жүрегіне ота жасатып, денсаулығына байланысты Түркістан облысына көшіп кеткен. «Қазір қызыма көмектесу үшін Алматыға келдім» дейді.

«Қызым жылап келгенде бұл сорақылықты қоғам білуі керек деп, журналистермен сұхбат ұйымдастырған да өзім» деп отыр», — дейді журналист.

Қалдыбек Құрманәлі Жанқош жақтан кешірім сұрағанын, бірақ ешқандай кешірім бере алмайтынын айтыпты.

«Қызымды қорғауға жанымды, барымды саламын» деп отыр. Әнару 28 жастағы үлкен қыз, тұлға. Жанқошпен кездескені, оған неге сенгені жайлы ештеңе айта алмаймын деді. Қоғамның буллингінен соң Әнару бірнеше рет өзіне қол жұмсамақ болыпты. Қазір депрессияда жүр дейді. Қалдыбек Құрманәлі бұл мәселеде аяғына дейін қызының қасында болатынын айтты», — дейді Гүлбану Әниятқызы.

Фото интернеттен алынды.