Жемқорлық туралы хабарлап, 15,7 млн теңге сыйақы алсаңыз болады

0
38

Жемқорлыққа қарсы күресте қоғамның белсенді қатысуы мен қолдауы маңызды. Осыған орай, Антикор азаматтық белсенділікті арттыру және жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында жаңа байланыс құралын іске қосты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Антикор 1424 WhatsApp чат-боты арқылы енді кез келген адам жемқорлық фактілері туралы хабарлап, құқықтық кеңес ала алады.

Ол үшін 8 777 000 1424 нөміріне WhatsApp арқылы хабарлама жіберу жеткілікті.

Чат-бот арқылы не істеуге болады?
  • Жемқорлық фактілері туралы хабарлау
  • Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес алу

Жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы нақты әрі дәлелді ақпарат берген азаматтарға 15,7 миллион теңгеге дейін сыйақы қарастырылған.

«Біз өтініштердің құпия сақталуына кепілдік береміз. Барлық хабарламалар міндетті түрде қаралып, заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады. Алайда, жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауапқа тартылатынын ескертеміз», – делінген хабарламада.