«Жеті атаңмен мақтанба, періштеге оның керегі жоқ» дейді имам

0
485

Әлеуметтік желіде тараған келесі бір діндардың видеосы жұрттың ашуын тудырды деп жазады Democrat.kz.

Мұратбек Жахатов атымен тіркелген парақшада тараған бұл видеода келесі бір діндар:

«Жеті атаңды жатта да, жеті атаңмен мақтанба

Періште мұны сұрамас, көріңе барып жатқанда» дейді. Жеті ата тек қыз алысу, танысу үшін ғана керек», — деген діндардың не айтпақ болғанын анық аңғарған көрермен ашуға мінді.

«Мұның айта алмай отырғаны, Құранында бар жазулы. Кімде кім ұлтымен, ата-бабасымен мақтанса, әкесінің әпшуін тістеп тұрсын депті Алла», «арабтың сахабасымен сен де мақтанба», «шынымен қазақты жою екен ғой бұлардың мақсаты! Жеті атасын білмеген жетесіз дейді. Қазақтың тіліне, салт-дәстүріне тимеңдерші айналайындар!» «шежіре қазақтың бірінші коды, дүмше елді адастырма!» деген сыңайда пікірлер жазылуда.

Дайындаған — Хақназар САДЫРХАН.

Фото видеодан скрин.

@mzhakhatov

#рек #рекомендации #Репост✅✅✅✅✅✅✅✅✅✅✅

♬ оригинальный звук — Muratbek Zhakhatov