«Жиырмасыншы» деген сөз дұрыс емес екен
Әлеуметтік желіде қазақтың тағы бір сөзі пікірталасқа түсіп жатыр деп жазады Democrat.kz.
Күнделікті қолданып жүрген «жиырмасыншы» деген сөз қате дейді тіл маманы Орынай Жұбаева.
«Дұрысында, қазақ тіліндегі реттік сан есім тудыратын жұрнақ дауыссыз дыбыстардан соң —ыншы/-інші түрінде жалғанғанмен, дауысты дыбыстардан кейін жалғанғанда қатар келген екі дауыстының бірі түсіп қалады: екінші, алтыншы, жетінші т.с.с. (екісінші, алтысыншы, жетісінші емес). Осы үлгі бойынша жиырма сөзіне де жұрнақ жалғанғанда жиырманшы түрінде жалғануға тиіс»,- дейді филолог.
Сондай-ақ Орынай Жұбаева «жиырма» реттік сан есіміне жалғасып кеткен «с» дыбысы сонау 1970 жылдары «Орфографиялық сөздікті» бір жас жігіт жасағанын, «жиырманшы» деген сөздің ішіне «с» әрпін соның қыстырып жібергенін айтады.
Фото интернеттен алынды.