Жұлдыз Әбдікәрімова: «Иә, мен пластикалық ота жасаттым» (ВИДЕО)

0
1378

Кезекті бір сұхбатында актриса Жұлдыз Әбдікәрімова пластикалық ота жасатқанын айтты деп жазады Democrat.kz.

«Бұрынғы Жұлдыз бен қазіргі Жұлдыздың айырмашылығы жер мен көктей. Ең алғашқы фотосессиям мен соңғы фотосессияны салыстырғанда ең бірінші ерекшелік — көзқараста.

Инста желіде көптеген сұрақтар қояды. Сол сұрақтың бірі «сіз пластикалық ота жасаттыңыз ба?» дегенге мен «иә» деп жауап беремін.

Себебі, мен оны сыртыма емес ішкі жан дүниеме жасаттым, санама, қөзқарасыма, өзімді бағалау сезіміме жасаттым. Бұрын менде сенімділік мүлде болмайтын.

Сенімсіздік пен қорқыныш, үрей, күмән өте көп болатын.  Мен осы ішкі жан дүниеммен ұзақ уақыт жұмыс жасай келе, қазір бәрі орнына келді десем болады. Сондықтан менің ішкі сенімділігім сыртқы келбетіме қатты әсер етті»- дейді.

Фото интернеттен алынды. 

@shoubiz_nes

Жулдыз Абдукаримова ✨ #жулдызабдукаримова #кайратнуртас #рекомендации

♬ оригинальный звук — ШОУБИЗ