Жұп санды гүл сыйлағаны үшін Астанада айғай-шу болды

Астанадағы сауда орталықтарының бірінде ерекше оқиға болды. Әйел сыйға тартылған гүл шоғынан кейін айқай-шу шығарған. Оқиға орнында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде таралып, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бейнежазбада сауда орталығының ішінде әйелдің қатты дауыстап, ашулы күйде тұрғаны байқалады. Видео сипаттамасына сәйкес, оған алты тюльпан сыйлаған, ал халық арасында жұп санды гүл беру қаралы күндерге тән деген сенім бар. Әйелдің ашулануына осы ырым себеп болған.
Бұл оқиға желі қолданушылары арасында екі түрлі пікір тудырды. Бірі әйелдің әрекетін қолдаса, енді бірі оны орынсыз деп бағалады.
«Көктем келді, адамдардың жүйкесі сыр бере бастады ма?», «Әр нәрсеге осылай реакция білдірсе, гүл санының маңызы қалмайды», «Еуропада жұп санды гүл сыйлау қалыпты жағдай. Бұл тек біздегі ойдан шығарылған ырым ғой» деп жазып жатыр желі қолданушылары.