Журналист Асхат Садырбайдың тағы бір әйелмен байланысы белгілі болды
Танымал журналист Асхат Садырбайдың басы тағы да дауға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Журналист Руслан Өтепбай әріптесінен некеде болған әйелдерінің санын сұрады. “Ерке Есмахан, Айғаным және қазіргі жұбайыңыз. Басқа қалып кеткендер бар ма? Дүрия есімі таныс па?!”, – деп сұрақ қойды.
“Танимын. Бірақ біздің арамызда заңды екен болған жоқ. Бас қосамыз ба деп ойладық. Бірақ қоспадық. Қазіргі жарымды айту негізсіз деп ойлаймын. Құпия болып қала берсін”, – деді Асхат Садырбай.
Желі қолданушылары журналиспен “некелеспеген” келіншекті қызу талқылап жатыр. Тіпті, танитындары да бар болып шықты.
“Дүрияны ұмытып қалыпты. Оған да түрлі дәрі беріп еді. Ол да ел алдына шығып, сұхбат беруі керек”, “Заңсыз тұрса да, қазіргісі төртінші әйелі екен ғой”, “Жақсы еркектен әйел кетпейді”, “Еркеден кейінгі әйелі де өмірден баз кешіп, өзіне қол салмақ болған” деп естідім”, “Балаларға обал екен”, – деп жазды оқырман.
Фото интернеттен.