Жүрсін Ерман: «Дәрігер 2-3 күндік өмірің қалды деді» (ВИДЕО)

0
1393

Қазақстан телеарнасына берген сұхбатында Жүрсін Ерман денсаулығына қатысты жағдайды айтып берді деп жазады Democrat.kz.

«Денсаулығымды құртқан — қант қой. Қаралып жүрген дәрігерім «аяғыңды кесу керек» деді. Аяғыңды кестіру оңай ма? Швейцарияға кеттім. Сол жақта құдам Дүнижүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры. Соған бардым. Олар қарап, «аяғыңды кесудің керегі жоқ», деді. Президент Тоқаев еміме деп көп ақша берді. Аяғымды кестірмей елге қайттым. Мені ауруханадан дәрігер «2-3 күн өмірі қалды. Соңғы күндерін үйінде өткізсін» деп жіберген екен»,- деген Жүрсін Ерман елге келіп, түрлі шөптермен емделгенін айтады.

Фото интернеттен алынды.