Жылқыларды қорлап шошқамен бірге баққан

0
310

Қырғауылды ауылының тұрғындары үй жануарларының жантүршігерлік жағдайының куәсі болды. Шаруашылық иелері жылқыларды сұмдық жағдайда ұстаған деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Бейнежазбадан жылқылар мен шошқалардың өз нәжістеріне батып жатқанын көруге болады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, тұрғын үйдің ауласында үй жануарларларынан бөлек, торайлардың өлексесі де жатады.

“Қырғауылды ауылы, Бірлік көшесі. Мынау сұмдық! Тірі малды өлекселермен бірге ұстайды. Бұл мәселенің шешімін таппай келе жатқанына біраз жыл болды. Дәлірек айтсақ, бұл туралы бүгін ғана білдік.

Лай мен тазалықтың жоқтығынан шығып жатқан иіс деп ойлады. Бірақ мұнда өлекселер жатыр екен. Қолаңса, сасық иіс. Жануарлар ақырындап қырылып жатыр. Тұрғындар шара қолдануды талап етіп жатыр”, – дейді видеода.

Тұрғындар видео астына ауыл маңынан жағымсыз иіс шығып жатқанын жазған. Олар бұл мәселе бойынша түрлі мемлекеттік органдарға хабарласқан. Алайда шаруашылық иесін жөнге салатындар табылмады.

Алматы облысының әкімдігінің мәліметінше, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары тұрғындардың жағымсыз иіске қатысты шағымы бойынша мал иесінің өзімен сөйлескен.

“Нәтижесінде шошқа мен жылқыларды сату туралы келісімге қол қойылды. Қазірдің өзінде 42 шошқа тасымалданды. Ендігі кезек жылқыларда. Жағдай ауылдық округ әкімінің, полиция мен ветеринарлық пункттің бақылауында.

Жануарлар панажайға жіберіледі. Аудан әкімдігі тарапынан көлік мәселесі шешілді”, – деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Енді шаруашылық иесі бір айда барлық шошқаны сатып, үйдің аумағын тазартуға міндетті.

Фото ашық дереккөзден алынды.