Жылқыны алғаш қолға үйреткен — Исмаил пайғамбар емес!

0
277

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде «жылқыны қолға үйреткен — Исмаил пайғамбар» деген сөзге қатысты үлкен пікірталас туындады деп жазады Democrat.kz.

ТикТок әлеуметтік желісінде тараған видеода қазақстандық діншіл жігіт айды аспанға бір-ақ шығарып: «Ең бірінші жылқыны қолға үйреткен — Исмаил пайғамбар» дейді.

Осы бір сауатсыз пайымға қатысты қоғам белсендісі Төртуыл Шоқан жауап берді.

«Мына арабқұлдың айтуынша жылқыны алғаш қолға үйреткен Исмаиль пайғамбар екен. Бұл ақпарат хадис болып Мұхаммедтен жетіпті-мыс.

Жә, Исмаилдің шешесі Агарь (Діни кітаптарда — Ажар деп беріледі) Египет Перғауынының қызы болады.

Сұлу Сара әуелі Перғауынға әйелдікке беріліп, бұған жоламақ болған патшаның бәрі ауру болып қала беріпті.

Бұ кереметті білген Перғауын Сараны Авраамға (Ибрагим пайғамбар) үйлендіреді.

Кейін өз қызы Агарьды «патшаның қызы болғанша, Авраамның құлы бол..» деп Сараға қызметші қылып тапсырған.

Әуелде бала көтермеген Сара күйеуі Авраамға Агарьды қосады.

Агарьдан Исмаиль туғанда Сара Ицхакты (Ысқақ) дүниеге әкелген.

Исмаил Ицкахқа күн көрсетпей, бір күні тіпті садақ кезейді.

Мұны көрген Сара күйеуі Авраамға Агарь мен ұлы Исмаилді қазіргі араб жазирасына апарып тастауды бұйырған.

Сараның бұл шешімін құптаған құдай Авраам мен арада «сүндет» келісімін де жасасқан.

Исмаильдің ержетіп кеткенін ескерген әкесі Авраам оны сүндеттемей, бұл процедураны еврейлер арғы атасы Ицкахқа жасайды.

«Исмаильдің өзі сүндетке отырмасада, оның ұрпағы сүндеттелетін болады» деп Авраам құдайға уәде берген.

Мұсылмандардың атасы Исмаиль 137 жыл өмір сүріп, сүндеттелмеген күйі өмірден өтіпті.

Исмаиль жас күнінде кісі тонаумен айналысқаны туралы тарихи деректерде бар.

Бірінші әйелінен бала көрмеген бұл екінші әйелінен 12 ұл

1 қыз тудырады.

Жалғыз қызын еврейлер атасы Ицкахтың ұлына күйеуге береді.

Ал 12 ұлынан тараған ұрпақ бүгінгі араб, арабтектес халықтардың аталары болып саналады.

Жә, жабайы жылқыны 5.5 мың жыл бұрын қолға үйреткендер тарихта «Ботай» мәдениеті делінеді.

Қиыр шығыстан бастап батыс елдері бәріне әмірін жүргізген қазақтардың арғы атасы Атилла (Еділ) атпен жүрген.

Аяғы талмасын деп үзенгіні, жамбасы ойылмасын деп көпшікті ойлап тапқан осы бабаларымыз.

Үстіне қатын көйлек, аяғына сланцы киген араб мұсылманының қолы жеткені түйеге мінсе, қалғаны қаражаяу болған.

Дәрі орнына малдың зәрін ішіп емделген.

Сүтке, шарапқа, балға қолы жетпегенді «мұның бәрі «о» дүнияда өзен болып ағып жатады..» деп алдаған.

Күшпен ала алмаған жерлеріне есекке мінген алаяқ миссионерлерін жіберіп—ат үстіндегі көшпенді батырдан, ұзын көйлек киген өшпенді қатын жасаған арамзалар-тын» деп жазды.

Фото көрнекілік үшін.