Әкім Нұрдәулет Қилыбай қызметімен қош айтыса ма?

Әкім Нұрдәулет Қилыбай қызметімен қош айтыса ма?

Бірнеше уақыттан бері әлеуметтік желі мен ақпарат беттерінен түспей жүрген Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайға қатысты тағы бір ақпарат екі күннен бері желдей есіп тұр деп жазады Democrat.kz.

Естеріңізге салып өтейік, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың аты былайғы жұртқа іскерлігінен гөрі, әйелдермен байланысы жағынан көбірек шыққаны мәлім.

Экс депутат Ынташ Наурызовамен болған байланысынан балалы болған әкім ол баласын мойындамай, іс сотқа жеткен еді. Нәтижесінде сот Нұрдәулет Қилыбайға баласын мойындатып, алимент төлеуді міндеттеді.

Осы жайттан көп ұзамай, бірер күн бұрын Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен Асхат Раздықұлы Оралов тағайындалды. 

Осы тағайындауға қатысты қазір әлеуметтік желілерде "Нұрдәулет Қилыбайдың креслосына тықыр таяды" дегенге саятын ақпарат желдей есіп тұр. 

"Жаңа Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары ауысады деген ақпаратты оқып отырып, өткенде бір "узкий кругта" естіген өсегімді де айта кетейін.

Естуім бойынша жақын арада облыс әкімі Н. Қилыбай қызметінен кетеді-мыс. Орнына Маңғыстаудың адамы, бұрын әкімдіктің айналасында жұмыс істемеген бір мықты жігіт келеді екен.

 Аты-жөнін де айтып еді, бірақ бұл әзір құпия күйінде болсын. Егер айтқаны рас болып, сол жігіт әкім болып келіп жатса, онда көрермін. Келесіде айтқан қаңқу сөздеріне мән беретін боламын. Әдетте өсекке көп мән бермейтін едім" деп жазды қоғам белсендісі Дастан Мырза. 

Дәл осыған ұқсас болжамды биліктің әр қадамын жіті бақылап отыратын ел азаматтары да жарыса жазуда. 

Десек те, әзірге әкімді жақтап, мақтап, "іскер" етіп көрсетуге тырысқан басқа да жазбалар ел назарына барынша көбірек шығып жатқаны тағы бар. 

Қалай ойлайсыз, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қызметімен қош айтыса ма? 

Барлық жаңалықтар