Әкім Нұрдәулет Қилыбайды ақсақалдар сөзбен қадады

Әкім Нұрдәулет Қилыбайды ақсақалдар сөзбен қадады

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ел ақсақалдарынан сөз естіп қалды деп жазады Democrat.kz.

Маңғыстаулық ақсақалдардың сөзіне қарағанда, облыс әкімі халыққа, сәлем беруге келіп тұрған ақсақалдарға назар аудармаған күйі тіке спорт залға өтіп кеткен. 

"Нұрдәулет, сенің мұның дұрыс емес! Халықтан үлкен ешкім жоқ. Президенттің өзі халықтан үлкен емес" деген ақсақалдың соңғы сөзіне облыс әкімі "артық кетпеңіз" деп қалды. 

Мұнан бөлек те Маңғыстау өңірінің қариялары әкімге өз базыналарын айтып, елдегі әлеуметтік проблемаларды жасқанбай айтты. 

"Сенен бұрын келген әкім де, түк бітірмей кеткен. Жассың ғой, халықпен етене жақын араласып, мәселелерді неге тыңдамайсың? Бізге әкіммен кездесу "Мәдениет үйінде" өтеді деген. Ал әкім спорт залда жүр" дескен ел азаматтары жұмыссыздық туралы да күн санап жұрттың күнкөрісінің төмендеп бара жатқанын жеткізді. 

Өз кезегінде облыс әкімі тұрғындардың сұрақтарына өзі жауап бермей, жанындағыларды сөйлетумен болды. 

Барлық жаңалықтар