«Жігіттер» тобының әншісі Айдар Тұрғамбек «Дүние-ай» әніне жасанды интеллектің көмегімен бейнебаян түсіргенін айтып, жұрттың пікірін сұрап, сынға қалды деп жазады Democrat.kz.
1Ол жаңа туындысын instagram-дағы парақшасында жариялады.
«Алғашқы рет жасанды интелект пен клип!», - деп жазды өнерпаз.
Жаңа форматтағы бейнебаян жұрттың көңілінен шықты.
Инстаграм парақшасында «Досым жарайсың! Тамаша шыққан. Алла тіл-көзден сақтасын», «Тарихи мәні бар клип», «Жарайсың, Айдар!», - деп жазды жұрт.
Ал ТикТок парақшасында әншінің қате қолданған "әніге" деген сөзі мен өзін сынап тастағандар бар.
"Халық ӘНІГЕ емес, халық ӘНІНЕ, қай тілде сөйлейсіңдер?", "Шегіртке Қойягошы" деген жұрт әншіні жақтырмай қалды.