Атырау облысында үй ауласындағы сарайдан жерленген күйде табылған зейнеткерлер Мақсот пен Нәсіптің мерейтойынан түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Democrat.kz.
Бейнежазбада марқұмдар балалары — Мирамгүл мен Наурыздың, сондай-ақ қыздары Ақбаянның жанында бейнеленген. Туыстарының мәліметінше, Ақбаянның күйеуі отбасының қазасына басты күдікті ретінде қарастырылып отыр. Оның діндар болғаны, намаз оқығаны айтылуда. Ал Ақбаян соңғы уақытта жақындарымен сирек байланысқа шыққан.
5 қараша күні отбасы мүшелері бірге жоғалып кеткен. Содан бері олардың тағдыры белгісіз болып келген.
Қазіргі таңда Мирамгүл мен Наурыз әлі де хабар-ошарсыз кеткендер қатарында. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеліп жатыр.