Әлеуметтік желіде қазақстандық тағы бір діндар қазақ ұлтының қасиетті домбырасын ібілістің жыныс мүшесіне теңеп, тіпті Мүфтиятты бидғатшылар деп айыптаған видеосы қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
Діндар желідегі тікелей эфирде қазақтың домбырасын ібілістің жыныс мүшесі деп: "Домбыра деген сөзің өзі парсының "..."деген сөзінен шыққан. Қолыңдағы домбыраға қарашы, неге ұқсайды?"деп діни пәтуа да шығарған.
ҚМБД домбыраны "харам" демегенін алға тартқан кісіге әлгі діндар: "Маған мүфтият секілді бидғатшылардың сөзін айтпа. Тозақтың иттерінің сөзін айтпа маған. Себебі, Алла Құранда музыка харам деп айтты.
Ал домбыра деген парсы тілінде "...." Деген сөз" деп ашуға мінген діндар ұлттық аспапты қорлауын тоқтатпады.