Сынақ тапсыра алмаған оқушы көмір шахтасына жөнелтіледі

Сынақ тапсыра алмаған оқушы көмір шахтасына жөнелтіледі

Солтүстік Кореяда білім жүйесі мүлдем басқа деңгейдегі “тәртіпке” көшті. Енді емтихан тапсыра алмағандар тікелей көмір шахталарына жөнелтілмек деп жазады Democrat.kz.

Соңғы мәліметтер бойынша, Солтүстік Хамгён провинциясында арнайы емтихан жүйесі енгізілді. Егер оқушы профильдік пәндерден жеткілікті ұпай жинай алмаса, оларды көмір шахталарына немесе құрылыс алаңдарына қара жұмысқа жіберу туралы қатаң бұйрық шықты.

Бұл шешімнің ең маңызды тұстары:
Ешкімге жеңілдік жоқ: Тіпті жоғары лауазымды шенеуніктердің балалары болса да, емтиханнан құласа, қоғамдық жұмысқа тартылады.

Себебі: Мемлекет білім сапасын осылайша күштеп, қатаң бақылауға алмақшы.

Мақсат: Әр оқушының болашақта өндіріс немесе құрылыс саласына бейімделуін қамтамасыз ету деп жазады restart_online_kz өз парақшасында. 

 

Барлық жаңалықтар