Беларусьте сәуір айынан бастап білім беру саласындағы кейбір басшылардың жалақысына 75 пайыздық үстемеақы қосылады, деп хабарлайды Democrat.kz.
Бұл өзгеріс ұлттық құқықтық порталда жарияланған Білім министрлігінің №68 қаулысы негізінде жүзеге асып, білім саласы қызметкерлерінің еңбекақысына қатысты №71 ведомстволық құжатқа тиісті түзетулер енгізілді.
Жаңа ережеге сәйкес мектептер мен гимназиялардың директорларына, жоғары оқу орындарына қарасты филиалдар мен институттардың, сондай-ақ колледждердің басшыларына және ересектерге қосымша білім беретін мекеме жетекшілеріне жалақының 75 пайызы көлемінде қосымша ақы беріледі.
Ал осы аталған білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары 40 пайыздық үстемеақы алатын болады.