Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегінің алдында допинг дауына ілінді. Осыған байланысты ол әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды Democrat.kz.

"Мен әрқашан таза спортты қолдаймын. Мұны жақсы білесіздер. Мен таза спортты насихаттап жүргенімді де білесіздер. Жаңалықты оқып таң қалып отырмын.

VADA бірінші рет анализ алып бәрі таза деп еді. Мен витаминдеріме де тамағыма да ешқандай өзгеріс енгізбедім.

Екінші рет тестте неге мұндай болғанын түсінбей отырмын, біз қайта анализ тапсыруға өтініш айттық. Жауабын күтіп отырмыз!" - деп жазды боксшы Instagram-дағы парақшасында.

Еске сала кетейік, 7 желтоқсанда Жәнібек Әлімханұлы кубалық Эрисланди Ларамен орта салмақтағы WBO, IBF және WBA белбеулері үшін біріккен титулдық жекпе-жек өткізеді деп жоспарланған еді.

Барлық жаңалықтар