Екібастұз “ТЭЦ”-іне бөлінген 1 млрд теңге ұрланған

Екібастұз “ТЭЦ”-іне бөлінген 1 млрд теңге ұрланған
Екібастұз ГРЭС-2 - ні жаңғыртуға бөлінген Т1 млрд ұрланған, деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Павлодар облысының прокуратурасы "Екібастұз ГРЭС-2" АҚ тексеру барысында үшінші энергия блогын орната отырып, жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған ақшалай қаражатты ысырап ету фактілерін анықтады. Расталмаған жұмыстардың сомасы шамамен Т1 млрд құрады", - делінген хабарламада. ҚР ҚК 189-бабы (Аса ірі мөлшерде мүлікті ұрлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды."Қылмыстың барлық мән - жайларын, түпкілікті залал сомасын және ұрлыққа қатысы бар адамдар тобын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде", - делінген хабарламада. Фото ашық дереккөзден алынды.
Барлық жаңалықтар