Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өңірдегі аптап ыстыққа байланысты тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды деп жазады Democrat.kz.
Әкім жариялаған видеоүндеуде жаз басталғалы бері облыс су айдындарында 4 адамның қаза тапқаны, тағы бір адамның іздестіріліп жатқаны айтылды.
Қайғылы жағдайлардың барлығы шомылуға тыйым салынған орындарда және азаматтардың мас күйінде болуынан орын алған. Өңір басшысы тұрғындардан белгіленбеген жерде суға түспеуді және ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрады. “Ешқандай демалыс адам өмірінен қымбат емес”,-деп атап өтті А. Байханов.