"Ажырастым": Экс-президенттің қызы мәлімдеме жасады

"Ажырастым": Экс-президенттің қызы мәлімдеме жасады

Лола Каримова-Тилляева кәсіпкер Тимур Тилляевпен ажырасқанын Instagram парақшасында хабарлады. Ол лифт ішінде гүл ұстап тұрған суретін жариялап, өмірінің жаңа кезеңі басталғанын жазды, деп жазады Democrat.kz. сайты dalanews.kz.-ке сілтеме жасап.

"Өзіме гүл сатып алып жүрмін. Өзімді таңдаймын. Мен ресми түрде ажырастым. Және бақыттымын. Енді өсуге, еркіндікке және шын мәнінде өзіме тиесілі өмірге қарай қадам басып келемін", – деп жазды Каримова-Тилляева.

Лола мен Тимур 27 жылдан астам уақыт некеде болған. Осы жылдар ішінде ерлі-зайыптылардың үш баласы дүниеге келген: Мариам, Сафия және Умар. Ажырасу себептері мен басқа да мән-жайды бұрынғы ерлі-зайыптылар ашып айтқан жоқ.

Лола Каримова-Тилляева 1978 жылы Ташкентте дүниеге келген. Ол халықаралық құқық және психология саласында білім алған. Кейін дипломат болып жұмыс істеп, Өзбекстанның ЮНЕСКО-дағы өкілі болған.

Каримова-Тилляеваның қоғамдық қызметінің елеулі бөлігі балаларға көмек көрсетумен байланысты болды. 2002 жылы ол жұбайымен бірге жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсететін «Сен жалғыз емессің» қорын құрды. Кейін балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығының жұмысына қатысып, The Harmonist парфюмериялық брендін іске қосты.

Барлық жаңалықтар