"Дикий Арманға қырғыз әйелі тұзақ құрған": Түрмедегі Арман Жұмагелдиевке қатысты шулы дерек шықты

"Дикий Арманға қырғыз әйелі тұзақ құрған": Түрмедегі Арман Жұмагелдиевке қатысты шулы дерек шықты

Биылғы жылдың басынан бері Қазақстан шекарашылары мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 100 адамды ұстап, заңсыз көші-қонның 25 арнасын құрықтады, деп хабарлайды Democrat.kz ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметіне сүйенсек маусым айының өзінде Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарының аумағында шекарадан заңсыз өтпек болған 15 шетел азаматы қолға түскен. Осы және өзге де анықталған заң бұзушылықтарға байланысты Қылмыстық кодекстің 392-бабымен барлығы 178 қылмыстық іс қозғалып отыр.

Құзырлы орган өкілдері мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге және мұндай әрекеттерге қандай да бір жәрдем көрсетуге қатаң қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салды. Осыған байланысты шекарашылар барлық азаматтарды ел заңнамасының талаптарын бұлжытпай орындауға шақырды.

Барлық жаңалықтар