"Каникулда жұмысқа жегуде": Әлеуметтік педагогтар жан айқайын жеткізді

"Каникулда жұмысқа жегуде": Әлеуметтік педагогтар жан айқайын жеткізді

Қостанай өңірінің басылымы tobol.info редакциясына хабарласқан әлеуметтік педагогтар өздерін мектеп басшылығы демалыс уақытында да жұмысқа жегіп жатқанын айтқан деп жазады Democrat.kz.

Ұжымдық хатта педагогтар ресми демалыстары тек қағаз жүзінде екенін айтады.

Социолог педагогтардың айтуынша, биылғы 15 маусымнан білім бөлімі жасаған кесте ұсынылды. Әлгі кесте бойынша социолог педагогтар жетім балалар мен қамқоршысыз қалған балалардың тізімін өткізу міндеттелген. 

 "Заңды, ресми демалыста жүргенімізге қарамастан, бізді жұмысқа жегіп, түрлі құжаттар мен есептерді тапсыруымызды талап етуде. Мұқанова А.Н. демалыста болғанымызға қарамай, ізді жұмыс істеуге мәжбүрлеуде", деген социологтар сонымен қатар өздеріне бұйрықты зілмен, әмір бере сөйлеу әрекеттері жиі қолданылатынын да жасырмады. 

Өз құқықтарының тапталып жатқанын алға тартқан социолог педагогтар тиісті мекемелерден мәселеге араласуды сұрап отыр. 

Барлық жаңалықтар