Бірнеше күннен бері қоғамда қызу талқыға түскен спортшы Михаил Шайдоров мәселесіне қатысты әріптесі, спортшы Елена Круглыхина да өз пікірін білдірді деп жазады Democrat.kz.
Өзінің әлеуметтік желі парақшасында Елена Круглыхина қоғамдық резонанс тудырған Михаил Шайдоровтың мәселесіне байланысты: "Михайил Шайдоров Қазақстанда ажиотаж тудырғанын мойындаймын.
Менің әріптестерім неге мұндай пост салғанымды жақсы түсінеді. 80 пайызға жуық жұрт маған хейт жазуда.
Михайил Шайдоровтың медалін ешкім жоққа шығарып отырған жоқ. Михаил мықты спортшы.
Алайда ол қазір басқалардың еңбегін жоққа шығаратын нәрсемен айналысуда. Осы медалін алуға титтей болса да үлесі болған кісілерді еңбегін жоққа шығаруда.
Бір медальдың иесі бір ғана кісі болмайды, ұмытпаңыздар. Бір медальдың артында қаншама адамның еңбегі жатыр. Сондықтан Қазақстанның атына келген Михаилдың медалінің артында да қаншама кісінің төккен тері барын ұмытпайық", деді.