"Етегінің астынан видеоға түсірген": Астанадағы оқиға жұртты шошытты

"Етегінің астынан видеоға түсірген": Астанадағы оқиға жұртты шошытты

Астанадағы «Хан Шатырда» түсірілген видео жұртты шошытып, әлеуметтік желіде қызу талқылануда деп жазады Democrat.kz.

Видео авторының айтуынша, 1 маусым күні шамамен сағат 17:45-те сауда орталығында белгісіз ер адам оны етегінің астынан жасырын түрде видеоға түсірген болуы мүмкін.

Қыздың сөзінше, ол бастапқыда ештеңе байқамаған. Алайда ер адам тым жақын келіп отырған кезде сөмкесінің үстіне қойылған телефонды көріп, күдіктене бастаған. Кейін ол әлгі адамның соңынан ергенімен, күдікті сауда орталығынан шығып кетіп үлгерген.

Оқиғадан кейін қыз бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, полицияға жүгінбек болғанын айтады. Алайда оның сөзінше, құқық қорғау органдарынан бұл жағдай бойынша арыздың қараусыз қалуы мүмкін екені айтылған.

Желі қолданушылары қыз-келіншектерді қоғамдық орындарда сақ болуға шақырып, мұндай жағдайларда міндетті түрде дәлелдерді жинап, ресми түрде арыз жазуға кеңес беруде.

Барлық жаңалықтар