"Жас қыздарды алдап жүр": Нұрдәулет Қилыбайдың көңілдесі әкімнің масқарасын шығарып, сұмдық жайттарды жайып салды

"Жас қыздарды алдап жүр": Нұрдәулет Қилыбайдың көңілдесі әкімнің масқарасын шығарып, сұмдық жайттарды жайып салды

Маңғыстау облысы әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың көңілдесі Ынташ Наурызова әкімдікке келіп, баласының әкесінің шаңын қақпақ болды деп жазады Democrat.kz.

"Облыстық әкімдікке арнайы келдім. Білесіздер, әкім Нұрдәулет Қилыбай таяуда журналистерге берген жауабында баласына қатысты өтірік ақпарат берді. 

Өз баласына опасыздық жасаған әкім халыққа да опа бермесі анық. Болмағанды болды деп айту дұрыс емес. Жалған ақпарат таратты. 

Дәп бір біздің арамызда бала бір сәттік сезімнен пайда болғандай сөйлеп жүр. Ал шындығында екеуміздің арамыздағы байланыс жылдар бойы жалғасты. 

Қазіргі кезде де Маңғыстау облысының әкімі жас қыздарды алдап, қарамағына жұмысқа алып жатқанын білеміз. Баласымен құрдас қыздарды қасына жұмысқа алып жатқаны туралы ақпараттарды білеміз. 

Кезінде мені де солай алдаған. Нұрдәулет Қилыбай баласына қатысты "ошибка" деп беті бүлк етпей айтты. Оның "ошибкасы" облысты басқарып отырғаны. Қазір халықты қалай алдап жүрсе, мені де солай алдап келген. 

"Алиментіңді алып, тыныш отыр, өзің кінәлісің" дегендерге айтарым, Нұрдәулет Қилыбай өтірік сөйлеп, алдамаса, мұндай ештеңе болмас еді. Алиментті төлеуге міндетті. Төлесе, өз баласына төлеп отыр. Егер әу бастан өтірік уәде беріп, алдамаса, алимент төлейтін жағдай болмас еді. Бәріне қыздрды кінәламай, еркектің де өтірікші екенін, егер еркек өтірік уәде бермесе, мұндай жағдай болмайтынын ескеру керек" деген Ынташ Наурызова әкімдік ғимаратында Нұрдәулет Қилыбайдың өзімен кездесуден қашқақтап, келмегенін айтады. 

Дайындаған Ұлжан БАҚЫТҚЫЗЫ.

 

Барлық жаңалықтар