Жұлдызай Дүйсенбиева: "Мені өлді деп ойлаған"

Жұлдызай Дүйсенбиева: "Мені өлді деп ойлаған"

Танымал әзілкеш Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығына байланысты басынан өткен қиын жағдайды бөлісіп, көпшілікті алаңдатты деп жазады Democrat.kz.

Өнер иесінің айтуынша, ол кенеттен өзін нашар сезініп, өміріне қауіп төнген сәтті бастан өткерген. Бұл жағдай оның жақындарына да ауыр тиген.

"Жүрегім бір тоқтап, қайтадан соқты. Дәрігерлер сол сәтте болды өлді деп ойлаған. Қызым да жылаған. Бірақ бір нәрсе мені қайтадан қайтарды. Бүгін шын мәнінде қайтадан оралды. Фотосессияны тоқтатайын дедім де бұл маған берілген мүмкіндік шығар деп ойладым. Ертең мұндай мүмкіндік тумай ма кім біледі?", – деді ол.

Әнші бұл жағдайдан кейін өмірге деген көзқарасы өзгергенін аңғартты.

Желі қолданушылары өнер иесіне қолдау білдіріп, сауығып кетуіне тілектестік танытуда.

Барлық жаңалықтар