Журналистің "балаңызға қанша алимент төлеп жатсыз" деген сұрағына жауап беріп, өз "шындығын" айтқан Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өтірігін көңілдесі, экс депутат Ынташ Наурызова ашты деп жазады Democrat.kz.
Еске салып өтейік, кешегі болған журналистермен кездесуінде Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай жеке өміріне қатысты, көңілдесінен туған баласына қатысты сұрақтарға да жауап берген еді.
Өз жауабында әкім "баламды мойындату туралы сотқа арызды өзім бердім. Соттан 2001 жылы туған баламның әкесі екенімді мойындату туралы шешім шығаруды сұрадым"дейді.
Ал әкім айтып отырған баланың анасы, Ынташ Наурызова "Фу, позорник! Соттасып екі айдай жүргенімді ел біледі. Сосын менің балам 2022 жылы туған"деген жазбамен видео бөлісті.
Мұнан бөлек, әкімнің көңілдесі Ынташ Наурызова "сен де, балам да керексіңдер, сәл күтші" деп мені алдап келгеніңді неге айтпайсың?"деген жазбамен тағы бір видео бөлісті.
