"Мәйіті табылған Ерзат" туралы анасы сұмдықты айтты

"Мәйіті табылған Ерзат" туралы анасы сұмдықты айтты

Бірнеше күн бұрын жоғалып кеткені туралы хабары тарап, артынша мәйіті табылған алматылық Ерзат Егізбайдың анасы қаралы жағдайға қаысты сұмдықты айтты деп жазады Democrat.kz.

Еске салып өтейік, жұмысынан аз уақытқа сұранып кеткен Ерзат Егізбайды туыстары бірнеше күн іздестіріп, ақырында мәйітін судан тапқан болатын. 

"Балықшылар тапты оны. Судың ішінен шығып келе жатқан бір затты көрген. Пакет екен деп ойлаған. 

Үстіндегі қоңыр курткасы бар. Милицияға хабар берген. Үлкен ағасы барып, көріп, таныған. Қатты ісініп кеткен дейді. Менің субъективті пікірім, оны тұншықтырған болуы мүмкін.

Ал балам негізінен өте арық жігіт болатын. Былтыр қараша айында үйленген еді. Бірнеше күн бұрын ғана келіншегінің аяғы ауыр екенін біліп, қатты қуанған еді.

Ондай қуанған адамның арманы да бар еді. Әке болатынын армандап еді", деген марқұм Ерзаттың анасы әділ тергеу жүруін өтінді.

Барлық жаңалықтар