Оқушыларға тегін ұсынылатын тамақтың көбі қоқысқа жиі тасталады, бұл мектептегі тамақтануды ұйымдастырудағы жүйелік проблемаларды көрсетеді. Бұл туралы Respublica партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров мектептердегі тамақтану мәселелеріне арналған фракцияның кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп жазады Democrat.kz. сайты kazinform.kz-ке сілтеме жасап.
Депутаттың айтуынша, бүгінде жүйеде үлкен қайшылық бар: қаржыландырудың жетіспеушілігі салдарынан сапасыз дайындалған асты балалардың едәуір бөлігі тұтынбайды.
"Біз ақылға қонымсыз екі нәрсені талқылаймыз — бір жағынан ақша жетіспейді, екінші жағынан — тамақтың жартысын қоқыс жәшігіне тастаймыз, — деп атап өтті Айдарбек Қожаназаров. Ол мәселенің себептері тағамның сапасымен шектелмейтінін атап өтті және ресми көзқарастан бас тартуға шақырды.
"Мектепте берілетін тамақтың 90 пайызы бекерге қоқысқа кетпейді. Балаға берілетін тамақтардың ішінде керегі мен керексізін реттеу керек. Біз үйде де баламыздан не ішіп, жейтінін сұраймыз ғой. Неге мектепте де осыны ескеріп, баланың жейтін тамағын бермейміз?
Депутаттың пайымынша, баланың таңдауын сұрамаудың салдарынан да осылайша тегін тамақтар қоқысқа төгіліп жатыр.
"Барлық талап стандарттары бар. Бар болғаны балалармен кері байланыс орнатып, соған қарай ас әзірленуі керек. Ал бізде дәп бір жаудың баласына тамақ беріп жатқандай жағдай", дейді депутат.
Мәселені шешу ретінде депутат балалардың таңдауына қарай ас дайындауды ұсынды. Сонымен қатар мәселені реттеу үшін Оқу ағарту министрлігімен, Денсаулық сақтау министрлігімен және Тамақтану академиясымен және кәсіпкерлермен бірігіп жұмыс тобын құрып мәселенің шешімін табу керегін айтты.