"Мен дайынмын!": Дариға Назарбаеваның "мәлімдемесі" жұрттың ашуын туғызды

"Мен дайынмын!": Дариға Назарбаеваның "мәлімдемесі" жұрттың ашуын туғызды

Әлеуметтік желіде Дариға Назарбаеваның бейнесі қолданылып, жасанды интеллект көмегімен жасалған видео тарады. Видеода оның атынан Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау, Нұрсұлтан Назарбаевтың бағытын жалғастыру және ел болашағына қатысты үндеу айтылады деп жазады Democrat.kz.

Алайда желі қолданушылары бұл жазбаны жылы қабылдай қойған жоқ. Пікірлердің басым бөлігі сынға толы болды.

Парақшада тараған Дариға Назарбаеваның "мәлімдемесінде": "

"Қымбатты отандастар!

Еліміздің болашағына бейжай қарамайтын әрбір азамат менің үнімді естігенін қалаймын.

Қыркүйек айында Құрылтай сайлауынан кейін жаңа вице-президенттің есімі жарияланады.

Егер Президент Тоқаев менің тәжірибем, білімім мен біліктілігім қажет деп есептесе, мен бұл жауапкершілікті мойныма алып, Мемлекет басшысымен бірге қызмет етуге дайынмын.

Менің әкем Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды әлемнің ең дамыған елу елінің қатарына қосты. Мен оның бағытын жалғастыруға үміттенемін.

Мен Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдаймын және біз бірге еліміздің болашағы үшін көп нәрсе жасай аламыз деп сенемін.

23 тамызда өз таңдауыңызды жасаңыз — Президент Тоқаевтың айналасына топтасыңыздар!

Жақсы болашақты бірге құрайық!"деп жазылған. 

Жұрт осы жазба мен видеоға қатысты «Даригу не надо», «Никогда даже не мечтайте», «Где наши миллиарды?», «Ворованные деньги заканчиваются?» деп жазғандар бар. Қазақша пікір қалдырғандар да «Кетші», «Жоқ, өтіп кетті сіздің дәуіріңіз», «Қазақстанда не қалды?» деп наразылық білдірген.

Кей қолданушылар видеоны көрген бойда оның жасанды интеллект көмегімен жасалғанын аңғарып, «ИИ» деп қысқа ғана пікір қалдырған.

Осылайша, Дариға Назарбаеваның атынан жасалған ЖИ-видео әлеуметтік желіде қолдаудан гөрі қарсылық пен мысқылға көбірек ұшырады.

Айта кетейік, бұл — Дариға Назарбаеваның шынайы мәлімдемесі емес, жасанды интеллект арқылы жасалған видео.

Барлық жаңалықтар