"Министр Жұлдыз ханым, ертерек Ақ Ордаға барыңыз!" деген білікті ұстаз өткір шындықты айтты

"Министр Жұлдыз ханым, ертерек Ақ Ордаға барыңыз!" деген білікті ұстаз өткір шындықты айтты
Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың үстінен министрліктің бір топ бұрынғы және қазіргі қызметкерлері шағым түсіргені белгілі. Осы мәселеге қатысты білікті ұстаз, белсенді педагог Өмір Шыныбекұлы өз пікірін білдіріп, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
 
Еске салып өтейік, білім саласында қызмет еткен, кейін жұмыстан шығып қалған бір топ азамат Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың үстінен арыз жазып, Президентке жолдағаны туралы кеше сайтымызда хабарлаған болатынбыз
 
Кешелі бері әлеуметтік желіні шулатып жатқан осы арызға қатысты Өмір Шыныбекұлы: "ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бір топ қызметкері (Жұлдыз Сүлейменова) үстінен президентке шағым жазыпты деп жатыр..
Кімдер жазуы мүмкін?
 
Білікті министр Аймағамбетовтің тұсында министрліктен піспеген шикі бұйрықтар ("Ротация, Лессон-стади, д/ш сабағын бөліп оқыту және т.б.) шығып жатты.. Сондықтан, Ғ.Бейсенбаев министр бола сала шақырғанда "Мектептен бұрын министрлік пен оның айналасындағы құрылымдарды біліксіз кадрлардан тазартпасаңыз, ісіңіз оңа қоймайды" дегенмін..
 
Айтқаным айдай келіп, #Нышаналы_мектеп деген шалажансар жоба дүниеге келді.
Мойындау керек, ол жобаны сол кездегі вице-премьер Т.Дүйсенова немесе Ғ.Бейсембаев жазған жоқ.  Ол жобаны Аймағамбетовтің кезінде шикі бұйрықтардың мәтінін жазған орындаушылар жасады..
 
Нәтижесінде мемлекетке ₸миллиардтаған шығын келтірген бағдарлама тоқтатылды.
Бағдарламаға қол қойған Ғ.Бейсембаев креслосынан айырылды. Ал орындаушылардың мұрттары да қисайған жоқ. Сол жобаны өршелене насихаттаған Орта білім Комитетінің төрағасы Қ.Жұмашев орнында әлі отыр, М.Мелдебекованың қызметі көтеріліп, 1-вице-министр болды.
 
Ау Жұлдыз Досбергенқызы, мақсатсыз жұмсалған қаржыны кім іздейді? Осының бәрін неге президентке ашып айтпадыңыз? Өңірлерде не болып жатыр? Алматы облысында шу басылар емес.
 
Батыс Қазақстан облыстық Білім Басқармасы Тілеккабыл Нұрышов деген белсендімен алысудан қолдары босамай жатыр..
 
Ал, Түркістан облысы мемлекет басшысының "Заң мен тәртіп" ұстанымын жиыстырып қойып, Білім Басқармасына қаржыгерді басшы қылып еді, желілердегі шуға қарағанда онысы тек кадр мәселесімен ғана айналысып жатқан сыңайлы..
 
Сонысына қарамай әлеуметтік желіге күнара жаялықтай-жаялықтай пост жазып, мұғалімдерге баланы қалай оқыту керектігін үйретіп отыр.
 
Жұмысты дипломы бойынша "педагог" орынбасары істейтін шығар десең, Айгүл Қасымбекова мектепте жұмыс істеген тәжірибесі жоқ.
 
Қаржыгер Ғ.Орынов ұрланған ₸12 млрд-ты қайтаруға келген шығар десең, "Пәлен миллиард немесе миллион ақша қазынға қайтты" деген ақпарат және жоқ..
 
Жұлдыз Досбергенқызы, арыз жазғандардан қорықпаңыз.. Мәңгілік ешкім жоқ, ерте ме, кеш пе сіз де министрліктен кетесіз. Сіз содан кейінгі репутацияңызды ойлаңыз..
"Ауруын жасырған өледі"..
 
Сіз Президенттің қабылдауына сұранып немесе қызметтік хат жазып, еліміздің білім саласындағы жағдайды ашық айтыңыз.. Министрлікте де, өңірлердің басшылары арасында да, Білім саласындағы басшылар арасында да мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатына астыртын саботаж жасайтындар бар екендігіне президенттің көзін жеткізіңіз..
 
Мәселен, өз басым аудандық білім бөлімдерін аудан әкімдіктеріне беру туралы бастаманы президенттің саясатына ашық саботаж жасау деп түсінемін.
Депутаттар солай жасағанда өзгелер не істемейді.. Шұғыл Ақордаға барыңыз.. Ертерек барғаныңыз өзіңізге жақсы..", деп жазды. 
Барлық жаңалықтар