Нұрлан имамның видеосы жұртты әрі-сәрі күйге түсірді (ВИДЕО)

Нұрлан имамның видеосы жұртты әрі-сәрі күйге түсірді (ВИДЕО)

Таяуда еліміздегі бірқатар танымал азаматтар мемлекеттік марапаттар алып, енді бірілері кеуделеріне медаль таққан еді. Марапаттау рәсімі 25 қазан Республика күні қарсаңында өткені мәлім деп жазады Democrat.kz.

Естеріңізге салып өтейік, салтанатты жиынның қонағы ретінде елімізге танымал кәсіпкерлер, әнші, өнер адамдары мен ерен еңбегі сіңген белді азаматтар сол марапаттау кешіне қатысқан еді. 

Сол күні кешкісін әлеуметтік желіге жұртты таңғалдырған бір видео тарады. Видеода сөз етіп отырған марапаттау рәсімінде шапаны желбіреп, миығынан жымия күліп сахнаға қарай кетіп бара жатқан тиктокер имам Нұрлан бар еді. 

Иә, кәдімгі Нұрлан имам. Мемлекеттік марапаттау рәсімінде дін өкілінің не істеп жүргенін түсінбеген жұрт басын шайқасты. Бұл қалай? Бізде дін мен саясат бөлек емес пе еді? Дін адамының мемлекеттік іс шарада қандай шаруасы бар? Жұртшылық тарапынан қойылған бұл сауалдарға әзірге берілген жауап жоқ. 

Барлық жаңалықтар