"Ол үшін түрмеге отырдым" деген Бауыржан Қаптағай сұмдық оқиғасын айтып берді.

"Ол үшін түрмеге отырдым" деген Бауыржан Қаптағай сұмдық оқиғасын айтып берді.

Бауыржан Қаптағаев өмірінің ең қиын кезеңдерінің бірін еске алып, өзінің досы Мәди туралы көзіне жас алып сыр шертті деп жазады Democrat.kz.

“Менің осы күнге дейін Мәди досым түсімнен шықпайды. Досым ғой… Бір төсекте ұйықтайтынбыз. Ұрлыққа барсақ, бірге барушы едік. Спортқа жақын едік, күресетінбіз. Ал оның қазасы көліктен болды. Туған күнім болатын. Киноға барғымыз келді. Қасымызда Сәбит деген досымыз бар еді. Жігіттер “Мына жерде Қанат ағаның көлігі тұр. Жаңа сұрап едік, “гаражға апарып қою салындар” деді”, дейді. Ол бізге рұқсат болды, шулап машинаға отырып алдық. Жолда келе жатырмыз, көлік айдауға қызығып жүрген кезіміз. Рөлде мен отырдым. Біз кедеге шұңқырқа түсіп кеттік, бірақ тез шықтық. Мен сол кезде машина айдайтын жақтағы кабинаға жабысып қалдым. Сол кезде “авария” деген сөзді естіп қалдым. Бір кезде Мәди шырылдайды. Сол кезде борт ұрып, дөңгелектің астына түсіп кетті. Енді баламын ғой, “тұр, Мәди” деймін. Бірақ аман алып қала алмадық,…  Егер сол машинаға отырмасам, ондай жағдай болмас еді ғой... Мойныма алдым. 8 ай түрмеде отырдым." Дейді белгілі әртіс Бауыржан Қаптағай.

 

Барлық жаңалықтар