Оқу ағарту министрлігі "Мұғалімдер күніне" қатысты маңызды ұсыныс жасады

Оқу ағарту министрлігі "Мұғалімдер күніне" қатысты маңызды ұсыныс жасады

5 қазанда Қазақстанда Мұғалімдер күні атап өтіледі. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі ұстаздарға гүл немесе сыйлық беру мәселесіне түсініктеме берді. Министрлік мұндай бастамалар міндетке, бәсекеге немесе ата-аналарға артық шығынға айналмауға тиіс екенін мәлімдеді, деп жазады Democrat.kz.

Министрліктің түсіндіруінше, мұғалімге гүл сыйлау – жақсы дәстүр. Алайда ең маңыздысы гүл шоғының көлемі немесе бағасы емес, баланың ұстазына деген құрметі.

Сондықтан мұғалімге гүл немесе сыйлық беру әр баланың және оның ата-анасының ерікті таңдауы болып қалуға тиіс.

Білім беру ұйымдары гүл немесе сыйлық сатып алуға бастамашы болмауға, ата-аналардан ақша жинауды ұйымдастырмауға және мұндай міндетті ата-аналардың мойнына жүктемеуге тиіс.

Министрлік оқушыларға ұстазына алғысын басқа жолмен де білдіруге болатынын ұсынды. Мысалы, мұғаліміне арналған қысқа бейнежазба түсіруге, фото немесе естелік оқиға жариялауға, хат немесе ашықхат жазуға болады.

Сондай-ақ оқушы ұстазына алғысын жеке өзі айтып, қарапайым жылы сөзбен де құттықтай алады.

Қазір Қазақстандағы 23 мыңға жуық білім беру ұйымында 600 мыңнан астам педагог еңбек етеді.

Барлық жаңалықтар