Танымал актриса Жұлдыз Дүйсенбиева басынан өткен оқиғаларды өзінің концертінде айтып беріп, көрерменін қыран-топан күлкіге батырды деп жазады Democrat.kz.
Жұлдызай Дүйсенбиева жасы отыздан асып тұрмыс құрғанын айтып, сол шақтағы тәтті шайдағы қызықтарын баяндап: "Тәтті шайға мамам, жеңгем, әпкем барды. Күйеу жігіт жақтан да солай адамдары келді.
Біз сыртта, олар іште отыр. Бір, екі, үш, төрт...сағаттар өтіп жатыр. Іштен ешкім шықпады. Қорқа бастадым. Қазір сыртқа мамам шығып, "тфу, мә берем, қызымды!", десе, енем "тфу, мә, алам қызыңды!" Десе ше деп ойлап қоямын.
Бір кезде шықты ғой, әйтеуір. Сәуірдің басы еді, ұмытпасам. Шықты да "ал енді жастар не айтар екен, күнін өздері белгілесін" деп бізге қарады.
"Иә, мамырда үйленейік!"деген сөз аузымнан шығып кетті", деп "позор!", "осылай позор болдым" деді.