Әлеуметтік желідегі Ulys.kz. парақшасында таяуда қызметімен қош айтысуы мүмкін әкімдердің тізімі жарияланды деп жазады Democrat.kz.
Ulys.kz. парақшасының таратқан ақпаратына сенсек, жұмысын дұрыс атқара алмаған, қоғам тарапынан наразылыққа ұшыраған, тіпті жеке мәселесімен елді шулатқан әкімдер креслоларынан айырылуы бек мүмкін.
Тізімде ең бірінші болып, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, сосын Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының әкімдері мен Шымкент, Астана қалаларының әкімдері берілген.