Қайрат Нұртастың әйелі оқырманға ой тастады

Қайрат Нұртастың әйелі оқырманға ой тастады
Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Инстаграм парақшасында оқырмандарымен ой бөлісті деп жазады Democrat.kz ақпараттық порталы. Қарапайымдылық пен қарабайырлық сөздерінің мәніне үңілген Жұлдыз Әбдікәрімова: “Соңғы кезде осы сөзге мән беріп жүрмін. Кей ортада “…сіз өмірде өте қарапайым екенсіз…”-деп жатады. Ол мақтау ма? Ал көбінде әлеуметтік желіде “…адам қарапайым болуы керек!”- деп ескерту айтып жатады. Ол кезде қандай сезімде болу керек? Мұқағали бір өлең жолдарын: “Мен қарапайым қарттарды сүйем, He деген керім еді!”-деп бастайды. Бұл жолдардан жылулық сезіледі. Әдебиетте бұл сөздің мағынасын “Бұқарадан өзгешелінбей, артық міндеттер мен ерекшеліктер пікірін құптамайтын көзқарасындағы адам. Яғни көппен бірге жүретін, ерекшеленбейтін, бұқаралық, әлеуметтік деңгейде ойлайтын адам”-деп түсіндіреді. Бірақ осы сөзді ҚАРА ПАЙЫМ деп бөліп жазсаң мүлде басқа мән береді. Мендегі ой мынау ҚАРАПАЙЫМдылықты ҚАРАБАЙЫРЛЫҚпен шатастырмайықшы”,-деп жазды. Фото интернеттен алынды.
Барлық жаңалықтар